19 шілде күні аудандық кітапхана қызметкерлері темекіге қарсы «Темекі шегу сәнсіз, еркін дем ал» атты шеруін ұйымдастырды. Іс-шара қаланың орталық көшесінде өткізілді. Темекі зұлымдығына қарсы күреске және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған акциясымен шеру ашылды.Шеруге қатысушылар транспаранттармен қаруланып, қала тұрғындарын зиянды әдеттерден бас тартуға шақырды. Сөйтіп өз денсаулығымызды ғана емес, айналамыздағы адамдарды да сақтап қаламыз деген кеңестерін берді. «Темекі шегуді тастағысы келетіндерге кеңес» парақшалары таратылды.
19.07.2022
Қараулар: 178