Ғаламтор қазіргі таңда біздің еліміздің көптеген тұрғындарының өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Дүниежүзілік желінің ақпараттарын жоғалтпауға және шатастырмау үшін кітапхана пайдаланушылары 17 қараша күні Шал ақын аудандық кітапханасында «Жұмбақ веб: Интернет ресурстары» атты ақпараттық мәдениет сабағы өткізілді. Кітапханашы Галиева Б.М. «Интернет және бүкіләлемдік Интернет» электронды презентациясыныңтұсаукесердің көмегімен Интернеттегі негізгі ережелерімен таныстырып өтті. Сабаққа қатысушылар өздігінен қандай мәліметтерді ашуға болмайды, алаяқтардан өзіңізді қалай қорғауға болатынын білді. «Виртуалды кеңістіктің» жақсы және жаман жақтары туралы әңгімелесті. Іс-шара соңында «Құпиясыз ғаламтор» атты кітап және журналдар көрмесіне шолу жасалды.
17.11.2021
Қараулар: 225