«Электронды азамат» компьютерлік сауаттылық сабағы

24 желтоқсан күні Шал ақын ауданының аудандық кітапханасында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Дьячков Юрий Сергеевич «Электронды азамат» атты компьютерлік сауаттылық сабағын өткізді. Іс-шараға әр жастағы оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Юрий Сергеевич үйден шықпай-ақ қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды қамтитын электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдыларымен таныстырды.

24.12.2021

Қараулар: 208