Ескі дәстүр бойынша 1 қыркүйекте аудандық кітапхана оқушыларға есігін айқара ашты. Бұл күні Е.А. Бөкетов атындағы мектеп гимназиясының жоғары сынып оқушылары кітапханаға келуді жөн көрді.Балалар үшін "Кітаптар патшалығы бойынша саяхат"атты қызықты экскурсия өткізілді. Жоғары сынып оқушылары кітапхананың тарихымен, кітап және журнал қорының байлығымен танысты, кітапхананың мүмкіндіктері туралы білді, оның бөлімдеріне барды, мінез-құлық ережелері мен кітапты пайдалану ережелерін еске алды. Соңында балалар кітапхана іс-шараларына, клубтарға шақыру алды.
Кітапхана қызметкерлері балаларды білім күнімен құттықтап, денсаулық, оқуда табыс тіледі, қазіргі уақытта білімсіз өмір сүру мүмкін емес екенін атап өтті.
01.09.2022
Қараулар: 204