14 желтоқсан күні аудандық кітапханада жерлес ақын, жазушы Ж.Нұрқановтың шығармашылығына арналған «Тағдырдың берген сыйы» атты арнау кеші өткізілді. Іс-шараны аудандық кітапхананың директоры Қ.Ш.Байтукина ашып, Шал ақын ауданы Көктерек ауылының тумасы, жерлесіміз Нұрқанов Жарасбай Әнесұлының өмірбаянымен, оның шығармашылығымен таныстырып өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары жазушының жары, Қазақ радиосының ардагері Қазина Сәдуақасқызы мен ұлы Жомарт Жарасбайұлы қатысты. Қазина Сәдуақасқызы қатысушыларға өзінің өмірлік жан жолдасы, Жазушылар Одағының мүшесі Жарасбай Нұрқанов туралы әңгімелеп берді. Слайд тұсаукесер арқылы өмір кезеңдері мен жеке отбасылық мұрағаттан суреттер көрсетілді. Қазақ орта мектебінің оқушылары ақынның шығармашылығынан үзінділер оқып берді.
14.12.2021
Қараулар: 266