7 қазан күні Шал ақын ауданының аудандық кітапханасында Қарттар күніне орай «Даналық - күз сыйы» атты қарым-қатынас кеші өткізілді. Іс-шараға «Калейдоскоп» клубының мүшелері қатысты. Іс-шараның басында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразалин Т.С. мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Кітапханашылар өлең, әндер, құттықтаулармен мерекелік бағдарлама дайындады. Іс-шара қонақтары караокемен өлеңдер айтып, сайыстарға, ойындарға, викториналарға қатысты. Соңында шай дастарханы жасалды.
07.10.2021
Қараулар: 219