2 қыркүйек күні аудандық кітапханада Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған "Егер адамдар дос болса – тілдер де дос болады» атты тілдік лабиринт өтті. Іс-шараға қазақ орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Жүргізуші кітапханашы М.С. Әміржанова қатысушыларды мереке тарихымен таныстырды, көп ұлтты тілдер мерекесінің негізінде әрбір тіл — бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бөлігі, ал әрбір мәдениет — әлемдік өркениетке баға жетпес үлес деген идея жатыр екеніне назар аударды.
Тілдік лабиринт барысында бірнеше конкурстар өткізілді. Оқушылар лабиринтте үш тілдің білгірі ретінде жарысып, көптеген қызықты және танымдық тапсырмаларды орындады. Балалар айла мен тапқырлық таныта отырып сұрақтарға жауап берді. Конкурстар арасында Тіл туралы бейнероликтер көрсетілді.
Іс – шараға "Тіл-достықтың тірегі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда қазақ халқының мәдениеті, тарихы туралы кітаптар мен мақалалар ұсынылды.
02.09.2022
Қараулар: 210