«Кітапханаға кітап сыйла» акция

13 шілде күні аудандық кітапханада Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау жылы бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция өткізілді. Сергеевка қаласының тұрғындары акцияға қатысуға ниет білдіріп үйлеріндегі оқылған кітаптарды әкелді. Кітап сыйлау акциясына белсене қатысқандар кітапхананың тұрақты оқырмандары Жәнібекова Б.Н, С.И.Бредихин, В.Н.Пустыльников, Галиева Б.М.. Жәнібекова Б.Н. кітапханаға 200-ден артық кітап сыйлады. Акцияға тек аудан тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Алматы қаласының тұрғыны, химия ғылымдарының кандидаты Л.К.Құрманғожина да қатысты. Л.Қ.Құрманғожина өзінің күйеуі С.Ә.Құрманғожиннің жеке кітапханасындағы кітаптарын жіберді. С.Ә.Құрманғожин Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Еңбек ауылында туған. Бүкіл өмірін дипломатиялық салаға арнады. Ол үш континентте жауапты лауазымдарда жұмыс істеген КСРО мүдделерін білдірген кеңестік дипломат. Кітапхана қызметкерлері «С.Ә.Құрманғожиннің жеке кітапханасындағы кітаптар» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдеріндегі кітаптар, сондай-ақ, кеңес кезіндегі басылымдар қойылды. Оның ішінде танымал қазақстандық қайраткерлердің, ақын-жазушылардың қолы қойылған мемуарлары қойылды. Балаларға арналған энциклопедиялар, өзі жұмыс істеген қалалар мен елдердің суреттері бар альбомдар бар. Көрме біздің оқырмандарымызға егемен Қазақстанның дипломатиялық қызметінің көздерінде тұрған қазақстандық дипломаттың тарихи тұлғасына қол тигізуге мүмкіндік береді. Акция барысында жақсы жағдайдағы әр түрлі тақырыптардағы 450-ден астам кітаптар мен журналдар: балалар мен ересектер, қолөнер және ауылшаруашылығы, тарих, детективтер, қиялдар қойылды. Кітапхана қызметкерлері барлық қатысушыларға кітаптардың кітапхана қорын толықтырып және жоғары компьютерлік технологиялар ғасырында да құнды сыйлық болып қала беретінін растап, алғыстарын білдірді.

13.07.2021

Қараулар: 389