«Менің елімнің ерлік жолы» тарихи маршрут

10 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, К.Салықов атындағы қазақ мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін, аудандық кітапхана қызметкерлері "Менің елімнің ерлік жолы" атты тарихи маршрут жүргізді.
Іс-шараның мақсаты: отансүйгіштік сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халықтарының тарихи өткені, бүгіні мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Қазақстан тарихы бойынша білімді бекіту.
Іс-шараның жүргізушісі Ж. Н. Әубәкірова қонақтарды Тәуелсіз Республиканың қалыптасу тарихымен таныстырды, "Тәуелсіздік тұғыры" атты бейнефильм көрсетілді.
Кездесуге қатысушылар 1986 жылғы желтоқсандағы қайғылы оқиғаларды еске алды. Кітапханашы осы оқиғаларға қатысушылар -Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова туралы айтып берді. "16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні", "Желтоқсан ызғары" атты бейнероликтері жүргізушінің әңгімесіне иллюстрация болды.
Іс-шара әнұранды орындаудан басталды.
Іс – шара барысында тәуелсіздік алғаннан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдері айтылды. Бірақ әңгіменің негізгі тақырыбы Тәуелсіздік, жаңа болашаққа ұмтылған, мемлекет құруға мүмкіндік берген жылдар болды. Бұл қалай болғандығы және Қазақстан халқы өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуының өтпелі кезеңін қалай сәтті аяқтағаны туралы кітапханашы слайд-презентацияда "Тәуелсіздіктің тарихи жолын" көрсетті.
Соңында "Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

11.12.2024

Қараулар: 558