"Кітапханашы-креативті мамандық"кәсіби шеберлік байқауы

Кітапханашы мамандығының беделін арттыру, кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, сондай – ақ тәжірибе алмасу мақсатында 23 қазанда "Шал ақын ауданының Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" КММ қызметкерлері үшін "Кітапханашы-креативті мамандық"кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Байқауға шамалы жұмыс өтілі бар ауылдық кітапхана мамандары - Бірлік ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж. А.Бейсенбаева, Ақанбарақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г. Н. Ибраева, Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н. М. Қожахметова, Ыбыраев ауылдық кітапханасының кітапханашысы А. А. Мұхамеджанова, Ольгинка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Т. Н. Предыбайло, Социал ауылдық кітапханасының кітапханашысы Б.С. Алпысбаева қатысты. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын кәсіпқойлық, жаңашылдық, шығармашылық сияқты бірқатар критерийлер бойынша бағалады. "Шығармашылық қолтаңба" байқауының бірінші тапсырмасында, визит карточкасының бір түрі, кітапханашылар өздері туралы, өздерінің кәсіби қызметі, кітапхананың бай өмірі, болашақ жоспарлары туралы айтып берді.

"Кітапханашы – кәсіби маман" байқау тапсырмасында қазылар алқасының мүшелері кітапханашылардың кәсіби дайындығын талдады. Үшінші байқау тапсырмасы "Оқы, өкінбейсің" деп аталды, онда қатысушылар қазақстандық авторлардың кітаптарын жарнамалап, шығармаға назар аударып, оның мазмұнына қызығушылық тудырды. Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: Ақанбарақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г. Н. Ибраева жеңімпаз атанды, Бірлік ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.А. Бейсенбаева екінші орынды иеленді, ал Ольгинка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Т. Н. Предыбайло үшінші орынды иеленді.

24.10.2024

Қараулар: 845